«Азат ой» төрінде Жаңаөзеннен алғаш мұнай шығарған Ғазиз Әбдіразақов
Manage episode 311206490 series 3090412
コンテンツは New Alash によって提供されます。エピソード、グラフィック、ポッドキャストの説明を含むすべてのポッドキャスト コンテンツは、New Alash またはそのポッドキャスト プラットフォーム パートナーによって直接アップロードされ、提供されます。誰かがあなたの著作物をあなたの許可なく使用していると思われる場合は、ここで概説されているプロセスに従うことができますhttps://ja.player.fm/legal。
Жаңаөзеннің мұнайы жайында қазір көп айтуға болады. Ал сол мұнай ең алғаш кімнің бұрғысынан шығып еді? Мұнай шығарған бұрғышының аты-жөні кім? Өзен жеріне 1960 жылы бұрғы салынады. Ең алғашқы газ аралас мұнай Ғазиз Әбдіразақовтың бұрғысынан шығады. Қазір Ақтау қаласында тұратын олжагер 86 жаста. 16 жасынан мұнай бұрғылаумен айналысқан бұрғышының көз алдында алғашқы мұнай бұрқағы атқақтап, Жаңаөзен қаласы салынған. Жаңаөзеннің 50 жылдығында Ғазиз Әбдіразақовтың өмір жолына арналған деректі фильм көрсетілді. «Алтын қолды адам» деп аталатын фильмінің идея авторы Сандуғаш Тағабергенова.
…
continue reading
54 つのエピソード